Қазақстан ескекшілері Люцерндегі әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
<p>Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. А финалындағы жүлделі орындар мен уақыт көрсеткіштері келесідей:
1-орын: Жапония (Чика Йонэзава, Чиаки Томита) 07:14.74 секунд
2-орын: Перу (Алессия Паласиос, Валерия Паласиос) ' 07:18.51 секунд
3-орын: Қазақстан (Екатерина Носкова, Мария Чернец) - 07:21.91 секунд
Қазақ ескекшілер әлемдік деңгейдегі бәсекелестерімен соңына дейін таласып, алда келе жатқан Гонконг спортшыларынан басып озып, жүлделі орыннан көрінді.
Тағы бір отандасымыз Артём Матусевич жекелей сында А финалында 7-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, әлем кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді. Жарыста 42 елдің 650-ден астам өкілі жүлдеге таласып жатыр. Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды. Олар, Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Артём Матусевич, Мария Чернец, Екатерина Носкова.
