Спорт
1 мин оқу 30

Хорватия Гананы жеңіп, плей-оффқа екінші орынмен шықты

<p>Хорватия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Гана құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, L тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Хорватия Гананы жеңіп, плей-оффқа екінші орынмен шықты

Жеңімпаздар сапында Петар Сучич пен Никола Влашич гол соқты. Ал Гана құрамасының жалғыз голын Деррик Луккассен енгізді.

Осылайша, Хорватия құрамасы 6 ұпай жинап, L тобында екінші орынға тұрақтады. Ал 4 ұпай еншілеген Гана үшінші орын алды. Екі құрама да әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топта 7 ұпаймен бірінші орын алған Англия құрамасы 1/16 финалға тікелей жолдама иеленді.

1/16 финалда бұл құрамалардың қарсыластары кейінірек анықталады.

Бөлісу:
Хорватия Гананы жеңіп, плей-оффқа екінші орынмен шықты · Egemen Qazaqstan