Австрия мен Алжирдің тең нәтижесі Иранның әлем чемпионатымен қоштасуына себеп болды
<p>Алжир мен Австрия құрамалары әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда 3:3 есебімен тең түсіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Иран құрамасы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Австрия сапында Марсель Забитцер, Саша Калайджич және Марко Арнаутович мергендік танытты. Ал Алжир құрамасында Рияд Марез дубль авторы атанса, тағы бір голды Рафик Бельгали соқты.
Осылайша, Австрия құрамасы 4 ұпай жинап, J тобында екінші орынға тұрақтады. Дәл осындай ұпай еншілеген Алжир доп айырмасы бойынша қарсыласынан қалып, үшінші орын алды. Соған қарамастан екі құрама да 1/16 финалға жолдама иеленді. Алжир үздік үшінші орын алған сегіз құраманың қатарына еніп, плей-оффқа шықты.
1/16 финалдың соңғы жолдамасына Иран құрамасы да 3 ұпаймен үміткер болған еді. Егер Австрия мен Алжир арасындағы ойында бұдан өзге кез келген нәтиже тіркелсе, ирандықтар плей-офф кезеңіне жолдама алар еді.
