Қоғам
1 мин оқу 40

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

<p>Алматы қаласында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық медиа саласының өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Салтанатты рәсім Dara Президенттік бастамалар қорының қатысуымен өтті. Жаңа баспанаға еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері ие болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

пәтер

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты – күн сайынғы еңбегі арқылы ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуына үлес қосып жүрген БАҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету.

пәтер3

2026 жылы бұл бағдарлама алғаш рет Астана мен Алматыдан тыс өңірлерді де қамтыды. Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді. Оның ішінде 15 пәтер – Астанада, 15 пәтер – Алматыда, ал қалған 36 пәтер еліміздің өңірлеріндегі журналистерге табысталды.

пәтер4

Пәтер иелерінің тізімі Dara Президенттік бастамалар қоры, Президент Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және БАҚ редакцияларымен бірлесіп жасақталды. Осы бастама аясында соңғы үш жылда Президент атынан 200 отандық медиа саласы қызметкері баспаналы болды.

пәтер2

Бөлісу:
Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді · Egemen Qazaqstan