Әлем
1 мин оқу 40

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

<p>Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жариялаған видеода құтқарушылардың каска мен жарық шағылыстыратын арнайы киім киіп, үйінді астынан 11 жастағы баланы алып шығып, зембілге жатқызып жатқан сәті көрсетілген. Құтқару операциясы түнгі уақытта прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

«Жақында Карабальеде 11 жастағы бала тірі күйінде құтқарылды. Қазір аман сақталған әрбір өмір Венесуэла үшін үміт», деді Родригес.

Бір күн бұрын тура осы уақытта Ла-Гуайрада құтқарушылар үйінді астынан Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы алып шыққан. Шамамен үш метр тереңдікте жатқан балаға жету үшін мамандар алты сағат уақыт жұмсаған.

Жойқын жер сілкінісі: Венесуэлада 1 000-нан астам адам қаза тапты

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Венесуэладағы жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты.

Бөлісу:
Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты · Egemen Qazaqstan