Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам көз жұмды
<p>Еуропада 21 маусымнан бері тіркелген аптап ыстық салдарынан 1 300-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Еуропадағы 150 миллионға жуық адам қатты ыстықтың зардабын тартып отыр. Бірқатар елде мектептер уақытша жабылып, электр желілеріне түсетін жүктеме артқан.
ДДCҰ басшысы қазір Еуропада ауа температурасының көтерілу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екендігін атап өтті.
Парижде аптап ыстықтан бір тәулікте жүзден астам адам көз жұмды
Ұйымның мәліметінше, бұрын сирек кездесетін аптап ыстық енді жыл сайын қайталанатын құбылысқа айналып келеді. Осыған байланысты ДДСҰ Еуропа елдерін халықтың денсаулығын ыстықтың әсерінен қорғауға бағытталған арнайы іс-қимыл жоспарларын күшейтуге шақырды.
Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті
Қазіргі таңда Еуропаның бірнеше елінде төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ең күрделі жағдай Францияда тіркеліп отыр. Елдің кейбір қалаларында ауа температурасы +40 градустан асып, аптап ыстық салдарынан шамамен 1 000 адам қайтыс болған.
Еске сала кетейік, мамыр айында Испанияда ыстықтан 100-ден астам адам қайтыс болған еді.
