Ақтауда балалардың пайдасына 82,3 миллион теңге алимент өндірілді
<p class="isSelectedEnd">Ақтау қаласының прокуратурасы алимент өндіру және мемлекет алдындағы берешектерді өтеу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жариялады. Жыл басынан бері қабылданған шаралардың арқасында кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 82,3 миллион теңге көлеміндегі алимент қарызы өтелген. Борышкерлерден қаражат өндіру мақсатында олардың мүлкіне, оның ішінде пәтер, жер телімдері мен автокөліктерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балаларын асырау міндетінен жалтарған және табысын жасырған 41 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 15 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне қосымша 46,8 миллион теңге өндірілді. Осылайша өндірілген қаражаттың жалпы көлемі 129 миллион теңгеден асты.
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 33 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірсе, 18 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген.
Сарыағашта алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер жауапкершілікке тартылды
Прокуратура өкілдері алимент пен мемлекет алдындағы берешектерді уақытылы өтеу әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.
