Жыл басынан бері Қазақстанда 80 мыңға жуық көлік шығарылды
<p><strong>2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 78 580 бірлік автокөлік техникасы шығарылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Өндірілген техниканың қатарында жеңіл және жүк көліктері, автобустар, арнайы техника, тіркемелер мен жартылай тіркемелер бар. Тек мамыр айында ел кәсіпорындары 15 178 бірлік техника шығарған.
Осылайша қаңтар-мамыр аралығында автокөлік, тіркеме және жартылай тіркеме өндірісінің ақшалай көлемі 932,9 млрд теңгені құраған. Ал автомобиль жасау саласының үлесі 41,6 пайызға жеткен.
Бес айда елімізде:
- 73 122 жеңіл автокөлік (+39,7%);
- 1 281 автобус (+35,3%);
- 2 396 жүк көлігі (-13,1%);
- 297 арнайы техника (-3,9%);
- 1 484 тіркеме мен жартылай тіркеме (+4,7%) өндірілді.
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
«Қазақстан Автокөлік Одағының» мәліметінше, өндіріс көлемі бойынша Қостанайдағы Allur зауыты көш бастап тұр. Кәсіпорын бес айда 27 911 техника шығарды. Екінші орында – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) зауыты. Мұнда 21 478 автокөлік өндірілген. Ал Hyundai Trans Kazakhstan 16 161, Kia Qazaqstan 8 059 көлік құрастырған.
Брендтер арасында Hyundai – 16 131 көлікпен бірінші орында тұр. Одан кейін Chevrolet (14 996) және Kia (9 209) орналасқан. Сондай-ақ Changan, Chery, Haval, Jetour, JAC, Geely Galaxy және Tank маркаларының өндірісі де жоғары көрсеткіш көрсетті.
Еске сала кетейік, өткен жылы елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 техника шығарылған.
