Павлодарда жасөспірімдер зират күзетшісін 10 жерден пышақтап кетті
<p class="isSelectedEnd">Павлодар қаласында бір топ жасөспірім зират аумағына заңсыз кіріп, күзетшіге пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Зардап шеккен азамат 1963 жылы туған. Шабуыл салдарынан ол денесінің әр жерінен оннан астам пышақ жарақатын алып, Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп, бес күндік емнен кейін науқасты үйіне шығарған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталған. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін Талғарда әкесіне құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кеткен болатын.
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті.