Білім
1 мин оқу 40

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?

<p class="isSelectedEnd">Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер мемлекеттік қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге бағытталған. Қазіргі таңда кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында субсидия көлемін арттыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды түрде ауысу жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?

Вице-министрдің сөзінше, қабылданатын шаралар білім сапасын арттыруға, оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, сондай-ақ үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары сатылғаны рас па?

Сонымен қатар ол қаржыландыру тәртібінің өзгеруі жекеменшік мектеп мұғалімдерінің жұмыссыз қалуына себеп болмайтынын атап өтті.

«Егер мектептер белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жергілікті атқарушы органдар педагогтер мен оқушыларды мемлекеттік мектептерге көшіру алгоритмін әзірледі. Сондықтан білім беру процесі үзілмейді және мұғалімдерді жұмыспен қамту қамтамасыз етіледі», деді Жайық Шарабасов.

Министрлік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп педагогтерді мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылған. Қажет болған жағдайда мұғалімдерге мемлекеттік мектептерден бос жұмыс орындары ұсынылады.

Енді докторанттар да мектепте жұмыс істей алады

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жекеменшік кәсіпкерліктің мәні кейбір мемлекеттік органдардың дұрыс емес әрекеттерінен бұрмаланғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: Мұғалімдер жұмыссыз қала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар