Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
<p>Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелеріне ұсынылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іс-шара барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция елімізде соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан саяси және қоғамдық реформалардың заңды жалғасы екенін айтты.
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады
Оның сөзінше, құжаттың маңызы тек құқықтық нормалармен шектелмейді. Конституцияда мәдениет, ғылым және білім салалары маңызды конституциялық құндылықтар ретінде айқындалған. Сонымен қатар ұлттық мәдени мұраны сақтау мен қорғау мемлекет міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.

Аида Балаева жаңа Конституцияның негізінде Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында отбасы институтын қорғауға қатысты құқықтық кепілдіктердің күшейтілгені және қоғам үшін маңызды құндылықтардың жаңа деңгейде қамтылғаны айтылды.
Айта кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясы биыл 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.
