Ауа райы
1 мин оқу 30

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Бүгін ауа райы қандай болады?

<p>30 маусым күні Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа района байланысты ескерту жарияланды. &laquo;Қазгидромет&raquo; мамандарының мәліметінше, елдің көптеген аймағында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Бүгін ауа райы қандай болады?

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және басқа да облыстарда қатты ыстықпен қатар жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 20-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жоғары өрт қаупі бар аймақтарда отпен жұмыс істемеуге кеңес береді. Қажет болмаса, қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпаған жөн.

Бөлісу:
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Бүгін ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan