Оқиға
1 мин оқу 50

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты

<p class="isSelectedEnd">Түркістан облысының Еңбекші ауылында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Қатты соққының салдарынан көлік екіге бөлініп кеткен. Жол апаты салдарынан бір отбасының бес баласы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты

Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалғанымен, жағдайы әлі де ауыр деп бағаланған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ата-анасының өтініші бойынша аман қалған баланың денсаулық жағдайына қатысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, Жетісу облысындағы тас жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 ада қаза тапты.

Бөлісу:
Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты · Egemen Qazaqstan