Спорт
1 мин оқу 60

Допинг қолданғандар жазаланды

<p style="text-align: left;">Еліміздің тағы бір топ спортшыларының допинг қолдан&shy;ғаны анықталып, олар түрлі мерзімге үлкен спорттан шеттетілді. Бұл ақпарат республикалық допингке қарсы орталығының ресми сайтында жарияланды.</p>

Допинг қолданғандар жазаланды

Жазаға ұшырағандар арасында ауыр атлеттер Анастасия Антропова, Вячеслав Корщиков, Тұңғат Жуат, әйелдер күресі өкілдері Мадхия Усманова, Диана Асылбекова, еркін күрес шеберлері Мирас Сұлтанбек, Әлибек Әбдіқасымов, пара-пауэр­лифтингшілер Әйге­рім Айдарқызы, Камиль Хузиахметов, спорттық гимнастшы Арина Лебедева, дзюдошы Ержан Еренғайыпов, таеквондошы Хальзальпер Ромашкин, джитсер Айкүміс Әбжанова, грек-рим күресі шебері Ерзат Ерланов бар.

Есімдері аталған спорт­шы­лардың дені – халықаралық жарыстарда жүлде алып жүр­ген­дер. Әсіресе М.Усма­нованың келешегі алаң­датады. Мадхия былтыр шілде айының соңғы күні Афинадағы жасөспірімдердің әлем біріншілігінде алтыннан алқа таққан еді. Егер әйелдер күресінен елімізде санаулы ғана әлем чемпионы барын ескерсек, бұл медальдың қаншалықты ма­ңызды екені айтпаса да түсінікті. Күні кеше республикалық допингке қарсы орталығының сай­тында М.Усманованың 2025 жыл­дың 13 қазанынан 2029 жыл­дың 12 қазанына дейін үлкен спорттан шеттетілген жайында ақпарат жарияланды. Олай болса, Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling)  ұйымы балуа­нымызды әлем чемпионы ата­ғынан айыруға тиіс.

Бөлісу:
Допинг қолданғандар жазаланды · Egemen Qazaqstan