Өнер
1 мин оқу 20

Алматыдағы опера түні

<p style="text-align: left;">Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-мау&shy;сым&shy;ның шымыл&shy;&shy;дығын &laquo;Опера&shy;да&shy;ғы түн&raquo; жобасымен жапты. Ашық аспан астында өткен мәдени іс-шара мың&shy;&shy;даған көрерменді жи&shy;нап, қала өміріндегі айту&shy;&shy;лы оқиғаға айнал&shy;ды.</p>

Алматыдағы опера түні

Театр алаңында ұйым­дастырылған кон­­цертке 5 мыңнан аса адам қатысып, қала тұр­ғын­дары мен қонақтары клас­си­калық және ұлттық опера өнерінің таңдаулы туындыларын тамашалады.

Кеш барысында театрдың симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен жетекші солистер әлемдік опера өнерінің жауһарларын орындады. Бағдарламаға Карл Орфтың әйгілі «O Fortuna» шығармасы, Джузеппе Верди мен Джакомо Пуччини опера­ларынан үзінділер, сондай-ақ қазақ опера өнері­нің клас­сикалық туындылары – «Біржан – Сара» мен «Абай» опера­ларынан ариялар енді.

Концерттің ерекше сәт­те­рінің бірі – мыңда­ған көрер­меннің театр әртіс­те­рі­мен бірге «Гүл Алматы» әнін қосыла орындауы болды. Жо­ба­ны жүзеге асыруға 200-ден астам өнерпаз қатысты. Олар­дың қатарында театрдың тәжірибелі солистерімен бірге жас орын­даушылар да өнер көр­сетті.

Музыкалық жетекшілікті дирижерлер Нұржан Байбо­сы­нов пен Қуаныш Исмаилов атқарды. Бас хормейстер Әлия Темірбекова хордың орындаушылық деңгейін қамтамасыз етсе, қоюшы режиссер Наталья Кагадий мен режиссер Алуа Сабо концерттік бағдар­ла­маны тұтас сахналық қойылым деңгейіне көтерді.

«Операдағы түн» жобасы классикалық өнерді көп­шілікке жақындатып, Алма­ты­ның мә­дени өміріндегі жаңа дәс­түр­дің қалыптасып келе жат­қанын көр­сетті. Ашық аспан астында өткен өнер кеші қала тұр­ғын­дарын ор­тақ мәде­ни кеңіс­­тік­ке біріктіріп, мега­­по­листің рухани келбетін ай­шық­­тай түсті.

АЛМАТЫ 

Бөлісу: