Гетенің айтпағы...
<p style="text-align: left;">«Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық». Бұл гәп «Фауст» шығармасындағы әзәзіл Мефистофельге тиесілі. Дүние сырына дүрбімен үңілген профессор Фауспен таныстыққа айтылған сөздің түпкі мағынасын неде?</p>

Көпшілік мұны тым үстірт түсінеді. Жамандық та арагідік жақсылық жасайды дегенге саяды. Бірақ данышпан Гете бұдан да терең мағынаны үстегені анық. Мәтіннің контексін тағы бір еске түсірейікші.Фауст – ғалым адам. Философияны, жаратылыстануды һәм құдайтануды әбден зерттеп, зерделеген. Бірақ ілім-білімнің бәрін меңгерсе де, өзін бақытсыз сезінеді. Көңілін әлі де бір нәрсе алаңдатады. Жүрегінде тыныштық жоқ. Сол кезеңде оның алдына Мефистофель келеді. Дүниенің күллі хикметін көрсетемін, ал сен маған жаныңды сатасың дейді. Алайда бұл келісімшарттың мағынасы әлдеқайда күрделі. Мефистофель профессордың бүкіл арманын орындауға уағдаласады. Тек бір шарт бар. Фауст бақытқа бөленіп, сол сәулелі сәтті мәңгіге тоқтатып қойғысы келген шақта әзәзіл жеңіске жетеді. Сөйтіп профессордың жанын өзі иемденеді. Міне, осы шарт айтылар алдында Фауст Мефистофельден «Сен кімсің?» деп сұрайды. Ал ол болса «Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық» деп жауап береді. Бұл әзәзілдің анықтамасы. Иә, ол жамандықты қалайды. Оның болмысы сондай.
Расымен де Мефистофель профессорды жамандыққа итермелейді. Бірақ сол «кедергілер» Фаустың алға жылжуына себеп болады. Кеңінен ойлансақ, кедергі адамзаттың ілгерілеуіне қажет нәрсе. Құдай Адам ата мен Хауа ананы жұмақтан неге шығарды? Кедергілер арқылы тазарып, бәз-баяғы болмысымен қайта оралсын деп шығарды. Күнделікті өмірдегі кедергілер де рухымызды шыңдап, бізді жаңа биікке көтереді. Шығыс ойшылдары нәпсісін таныған адам рухын да таниды деген. Ал қазақ «жау пиғылын аңдағаның – ақылменен барлағаның» деп тура айтады. Данышпан Гетенің айтпағы осы шығар деп топшылаймыз. топшылаймыз.
