Әлем
1 мин оқу 30

Иран АҚШ-пен келісімнің басты шартын атады

<p>Иран АҚШ-пен жасалатын кез келген келісім Вашингтон өз міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана жүзеге асатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иран АҚШ-пен келісімнің басты шартын атады

Иран президенті АҚШ меморандумда көзделген талаптарды орындаса, Тегеран да өзіне жүктелген міндеттемелерді толық жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдеді. Тегеран Ливандағы әскери іс-қимылдарды тоқтату – келісімнің басты талаптарының бірі екендігін жеткізді.  

Дегенмен жаңа келіссөздердің қашан өтетіндігі әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Бұған дейін Дональд Трамп келіссөздердің Катар астанасы Дохада өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда Иранның Сыртқы істер министрлігі жақын күндері америкалық тараппен ешқандай байланыс жоспарланбағанын хабарлады.

Ормузда дрон шабуылы: Трамп Иранға айып тақты

Еске сала кетейік, бұған дейін қос тарап 60 күндік өзара түсіністік меморандумына қол қойған еді. Осыған сәйкес, Пентагон бұғаздағы блокаданы алып тастаса, Иран Ормұздағы кемелерден аталған уақыт аралығында алым алуды тоқтататынын мәлімдеген болатын. Алайда Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан кейін Иран Ормұз бұғазын қайта жапты.

Тараптар Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтату үшін Швейцарияда кездесті. Медиатор елдер – Қатар мен Пәкістан таратқан бірлескен мәлімдемеге сәйкес, тараптар 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келу үшін жол картасын жасауға келіскен.

Бөлісу:
Иран АҚШ-пен келісімнің басты шартын атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар