Денсаулық
1 мин оқу 40

Елімізде пластикалық ота жасайтын клиникаларға тексеру жүргізіледі

<p>Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде пластикалық ота жасайтын клиникаларға тексеру жүргізіледі

2021 жылдан бері министрлік пластикалық хирургия саласында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға 92 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Азаматтардың медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты шағымдарының көбеюіне байланысты тексерулердің басым бөлігі 2024 жылы өткен.

Тексеру барысында, әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 24 хаттама толтырылып, жалпы 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

Сондай-ақ министрлік тарапынан пластикалық операциядан кейін пациенттің қаза болуына байланысты да жоспардан тыс тексерулер жүргізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болған еді. Көп ұзамай дәл осындай қайғылы жағдай Маңғыстау облысында да тіркелді. Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов клиникалық отадан соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Министрлік жүргізген тексеру нәтижесінде клиникада бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Бөлісу: