Оқиға
1 мин оқу 50

Петропавл тұрғыны ұрлық жасап, сауда үйін өртегені үшін 5 жылға сотталды

<p>Петропавл қаласында зергерлік шеберхананы тонап, &laquo;Галактика&raquo; сауда үйіне өрт қойған 33 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен кінәлі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Петропавл тұрғыны ұрлық жасап, сауда үйін өртегені үшін 5 жылға сотталды

Тергеу барысында анықталғандай, мас күйде болған ер адам шеберхананың терезесін таспен сындырып, алтын сырғалар, алқа мен сақина бұйымдарын қолды еткен. Алайда біраз уақыттан кейін өзінің жеке заттарын қалдырып кеткенін есіне түсіріп, оқиға орынына қайта оралған. Дәл осы сәтте сауда үйінде өрт шыққан.

Сотта айыпталушы ғимаратқа қайта кіргенде электр сымдарынан ұшқын шығып тұрғанын, жанғыш сұйықтық құйылған канистрді абайсызда аударып алғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, осыдан кейін көшеге жүгіріп шығып, өрт сөндірушілерді шақыруды өтінген.

Зейнеткердің зергерлік бұйымын тонаған күдікті ұсталды

Алайда куәгерлердің жауабы мен өрт-техникалық сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды. Сарапшылар ғимараттың сырттан әкелінген от көзі арқылы қасақана өртелгенін анықтаған.

Өрт салдарынан «Галактика» сауда үйі түгелге жуық жанып кеткен. Ішіндегі зергерлік құрал-жабдықтар, қымбат техникалар, жиһаздар мен бұйымдар кәдеге жарамай қалған.

Сот үкімімен кінәліге 5 жыл үкім белгіленді. Алайда үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстаған болатын. Тексеріс барысында анықталғандай жүргізуші көлікті ұрлап айдап кеткен. 

Бөлісу:
Петропавл тұрғыны ұрлық жасап, сауда үйін өртегені үшін 5 жылға сотталды · Egemen Qazaqstan