Қоғам
1 мин оқу 40

13,3 млн теңге шығын: Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық бюджет қаражатын жымқырған

<p><strong>Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің &laquo;Аялы алақан&raquo; және &laquo;Қамқор&raquo; әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды жұмсалуына талдау жүргізді. Онда&nbsp;мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін бюджет қаражатының аударылғаны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

13,3 млн теңге шығын: Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық бюджет қаражатын жымқырған

Мекеменің лауазымды қызметкерлері бірқатар жеке кәсіпкерлермен келісіп, нақты жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтерді қабылдау актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын негізсіз аударған.

Прокуратураның бастамасымен тағайындалған сот-бухгалтерлік сараптама қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген материалдық залал көлемі 13,3 млн теңге болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігімен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр

Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған

Бөлісу:
13,3 млн теңге шығын: Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық бюджет қаражатын жымқырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар