Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026

Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру жүйесін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған

Фото: Ашық дереккөзден

Арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған фактіге қатысты ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Прокурорлар істі тергеу барысында санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету бойынша жалған шарттарын жасау фактілерін анықтады. Күдіктілердің жымысқы әрекетінің салдарынан жұмыс істейтін көліктердің саны азайып, қосалқы бөлшектері жымқырылғандары пайдаланудан шығарылған.

Үкіметте жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі пысықталып жатыр

Елорда прокуратурасының мәліметінше, қазір «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілген. Осы іске қатысы бар 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды.

Олардың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 850 миллион теңге сомасында аса ірі залал келген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Айта кетейік, былтыр жедел жәрдем қызметі 7,4 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсеткен. 

Ал ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады.

Соңғы жаңалықтар