Президент
2 мин оқу 40

Президент: Биыл шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады

<p><strong>Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Президент: Биыл шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады

«Елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс және Су кодекстері қабылданды. Стратегиялық маңызы айрықша салаларды ретке келтіру үшін қабылданған құжаттардың маңызы зор. Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл да – тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш. Ең басты нәтиже – мыңдаған отбасы баспаналы болды. Біз қалаларды абаттандырумен қатар, ауылдардың жағдайын жақсартуға басымдық беріп келеміз. Биыл шалғай елді мекендерде тұратын жарты миллионнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады. Мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бұрын-соңды болмаған ауқымда қолдау көрсетіп жатыр. Өткен жылы агроөнеркәсіп саласына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге қаржы тартылды. Осылайша, шаруалар алғаш рет жылына 5 пайыздық мөлшермен «ұзақмерзімді» қаражат алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай қадам ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға ықпал еткені сөзсіз. Осындай шаралардың арқасында агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі жалпы өнім құны шамамен 10 триллион теңгеге жетті. Ал экспорт көлемі 1,3 есе артып, 7 миллиард доллар табыс түсті. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш», деді Президент.

Мемлекет басшысы: Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн

Мемлекет басшысы озық технологиялар саласы да қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Әсіресе, отандық фармацевтика бағытында біраз жетістіктеріміз бар. Фармацевтика индустриясына сенім деңгейі бойынша Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көш бастап тұр. Мұндай бағаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы беріп отыр. Отандық дәрі-дәрмек нарығының көлемі 1 триллион теңгеден асты. Кейінгі үш жылда бұл салаға тартылған шетелдік инвестиция көлемі үш еседен астам ұлғайды. Алайда, бұған мәз болып отыра беруге болмайды, алдымызда тұрған міндет аз емес, қойылған мақсаттарға міндетті түрде жетуіміз керек», деді Мемлекет басшысы.

Президент: Қазақстанның ішкі жалпы өнімі ел тарихында алғаш рет 300 миллиард доллардан асты

Бөлісу:
Президент: Биыл шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады · Egemen Qazaqstan