Денсаулық
2 мин оқу 40

Биыл елімізде 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

<p data-start="89" data-end="199">Денсаулық сақтау министрлігі көктем шығып, күн жылынғаннан бастап кенеге қарсы профилактикалық шараларды күшейткен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегіне сәйкес, маусым басталғалы 13 мыңнан астам адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген. Олардың 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикалық көмек алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл елімізде 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі артады. Осыған байланысты министрлік эпидемиологиялық мониторингті күшейтіп, медициналық ұйымдарды иммуноглобулинмен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ қауіп тобына кіретін азаматтарды вакцинациялау және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кене энцефалиті – табиғи-ошақтық жұқпалы ауру. Қазақстанда бұл ауру көбіне Алматы қаласы мен оның маңында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Абай облысының Көкпекті ауданында, Ақмола облысының Сандықтау ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тіркеледі.

Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы анықталады. Биыл зертханалық жолмен 24 жағдай расталып, бұл көпжылдық орташа маусымдық көрсеткішке сәйкес келіп отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті.

Бөлісу: