Ресей билігі жанармай бағасына қатысты деректерді жариялауды тоқтатты
<p>Ресей үкіметінің мемлекеттік статистика қызметі статистикалық мәліметтерінен автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты деректерді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

The Bell басылымының мәліметінше, тиісті үкімет қаулысы 25 маусымда қабылданған.
Осыған дейін Росстат апта сайын бензин мен дизель отынының маркалары бойынша бағаларды, сондай-ақ өңірлер мен елдегі 1800 жанармай құю бекеттері туралы мәліметтерді жариялап келген. Енді бұл ақпарат көпшілікке қолжетімсіз болады.
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібере ме: Министр жауап берді
Bloomberg агенттігінің соңғы деректеріне сәйкес, 16-22 маусым аралығында Ресейде бензин бағасы 3%-ға, ал дизель отынының бағасы 2,7%-ға қымбаттаған. Агенттік бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары апталық өсім екенін атап өтті.
