Ата заң
1 мин оқу 30

Неке және отбасы саласындағы заңнама жетілдіріледі

<p><strong>Қазақстанда неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Неке және отбасы саласындағы заңнама жетілдіріледі

Аида Балаева Конституцияда «Некенің ер адам мен әйел адам арасындағы ерікті және тең құқықты одағы» екендігі нақты бекітілгенін атап өтті. Осыған орай министрлік неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Осы мақсатта мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, Ұлттық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр», деді Аида Балаева.

Отбасы: міндеттер бөлінісі

Сондай-ақ діни салада қолданыстағы бірқатар қағидаттарға конституциялық мәртебе беріледі.

Атап айтқанда, мемлекеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің теңдігі және діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітілді.

Бұдан бөлек, рухани білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты да конституциялық деңгейде айқындалды.

Бұған дейін жаңа Конституция волонтерлік пен қайырымдылық қызметті қолдауға да ерекше мән беретінін жазған едік.

Бөлісу:
Неке және отбасы саласындағы заңнама жетілдіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар