Қоғам
1 мин оқу 40

«Киіз үйге» үңілген әлем

<p style="text-align: left;">Алматы қаласындағы &laquo;Атамұра&raquo; баспасының Кітап үйінде ұлтымыздың мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытатын &laquo;Киіз үй&raquo; кітабының ағылшын тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының былтырғы бас жүлдесіне ие болған бұл еңбекте киіз үйдің тарихы, құрылымы, жасалу технологиясы, ұлттық қолөнердегі орны және мәдени-рухани мәні жан-жақты баяндалады.</p>

«Киіз үйге» үңілген әлем

«32-Бейжің» халық­ара­лық кітап көрмесінде де таныс­тырылған бұл еңбек Қытай баспагерлері мен оқыр­ман қауымы тарапынан зор қызығушылыққа ие болды. Шын мәнінде, басы­лым­ның ағылшын тілінде жарық көруі – қазақ халқының төл мұрасын халықаралық оқыр­манға таныстырып, ұлт­тық құн­дылықтарды әлем­дік мә­дени кеңістікке наси­хаттаудағы ма­ңызды қадам. Тұсаукесер рәсімінде «Атамұра» корпо­ра­­циясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед сөз сөйлеп, кітап­тың ерекшеліктері мен құнды­лығына тоқталды. Ол қол­жаз­бамен алғаш танысқан сәттен бастап аталған еңбектің мәдени әрі танымдық маңызын жоғары бағалағанын айтып, бұл басылымды оқырманға ұсыну «Атамұра» баспасының ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы ма­ңыз­ды жұмысының жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл басылымды киіз үй туралы ғана емес, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, дәстүрі мен қолөнерін тұтастай танытатын құнды еңбек деп бағалады. 

Тұсаукесерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Кәдірбек Сегізбайұлы, филология ғылымдарының док­торы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, «Киіз үй» кітабының авторы, этнограф әрі ұлттық қол­өнер шебері Бұлбұл Кәпқызы, осы кітапты ағылшын ті­ліне аударған Дүйсенәлі Әлімақын, Қазақстан қол­өнер­шілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлова қатысып, жаңа басылымның мәдени, тарихи және танымдық маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. «Киіз үй» кітабы – халқымыздың дәстүрлі баспанасы туралы кітап қана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани болмысын, шеберлік өнері мен өмір салтын танытатын құнды мәдени мұра.

Бөлісу:
«Киіз үйге» үңілген әлем · Egemen Qazaqstan