Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты
<p class="isSelectedEnd"><strong>Қытайда аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілі ойлап табылды. Қазір мұнда зәулім ғимараттардың төбесінен жасанды «жаңбыр» жауып тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елдің кейбір қалаларында биік ғимараттардың шатырларына су тұманын үздіксіз шашатын арнайы жүйелер орнатылған. Соның арқасында көшелердегі ауа температурасы 3-6 градусқа дейін төмендеген.
Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді
Бұдан бөлек, су тұманы ауадағы шаң мен түтінді басып, лас ауаның жерге шөгуіне ықпал еткен.
Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті
Ең қызығы, көшедегі адамдар су болмайды. Себебі су өте ұсақ тамшылар түрінде шашырап, жерге жетпей-ақ ауада буланып кетеді.
Еске сала кетейік, былтыр жаз айларында Испанияда аптап ыстықтан 1 060 адам көз жұмған болатын. Сондай-ақ биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан жаз басталғалы 1 300-ден астам адам көз жұмған еді.
