Алматыда жедел жәрдем көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті
<p>Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында жедел жәрдем көлігі мен мопед соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 шілде күні сағат 21:00 шамасында Алатау ауданында болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жедел жәрдем көлігі жарық шамдарын жағып келе жатып, Фұрқат көшесімен қиылыста электрмопед жүргізушісін қағып кеткен. Жол апатынан мопед жүргізушісі алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген полиция хабарламасында.
Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапқан еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Тергеу нұсқасына сәйкес, Александр Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан.
Бұған дейін, прокурор айыпталушы Александр Пакты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
