Оқиға
1 мин оқу 41

Төтенше жағдай: Ақсай өзені жағалауын су шайып кетті

<p><strong>Бүгін сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы &laquo;Ақсай карьері&raquo; ЖШС аумағында Ақсай өзені жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Төтенше жағдай: Ақсай өзені жағалауын су шайып кетті

Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде жіберілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді.

Инженерлік және қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Алматы әуежайында төтенше жағдай: құбырлар жолаушылардың үстіне құлай жаздады

«Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Алматы облысының қалған аудандарында жағдай тұрақты», делінген хабарламада.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алматы облысының әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында тұр.

Еске салайық, кеше Алматы облысында көшелерді су басып, бірнеше жол жабылды. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда сел жүру қаупіне байланысты мәлімдеме жасады.

Бөлісу:
Төтенше жағдай: Ақсай өзені жағалауын су шайып кетті · Egemen Qazaqstan