Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады
<p>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу барысында Президент Қазақстанның АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің стратегиялық маңызына ерекше назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан америкалық компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүдделі екенін айтты.
Мемлекет басшысы VEON компаниялар тобының бас атқарушы директорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Хуш Чокси Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестікті дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар бағыт бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, бүгін Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.