Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 30
Шымкентте білім саласындағы ірі жемқорлық ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты
<p>Шымкентте екі колледжде бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру ісі сотта қаралды. Тергеу мәліметінше, заңсыз схема 2018-2025 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттерді жалған тіркеу арқылы жүзеге асырылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Іс фигуранттары құжаттарды қолдан жасап, білім беру жүйесінің базасына жалған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан мемлекетке 1,35 млрд теңге көлемінде шығын келген.
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Негізгі айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Қалған сотталушылар 4 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
