Әлем
1 мин оқу 40
Дәмханадан шыққан өрт орманға тарады: Ыстанбұлдағы төтенше жағдай
<p>Кеше кешке Мәрмәр теңізіндегі атақты Бұюкада аралында орналасқан Viranbağı жағажайындағы дәмханалардың бірінен өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке газ баллонының жарылуы себеп болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қатты желдің салдарынан жалын дәмхана артындағы орман алқабына көшкен.
Өртті ауыздықтауға тікұшақтар, өрт сөндіру жасақтары мен теңізден арнайы кемелер жұмылдырылған. Түтінге уланған 4 адам ауруханаға жеткізілді.
Өрт толықтай сөндіріліп, бақылауға алынды. Тұрғындар мен туристерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаз басталғалы Түркияда өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтіліп жатыр.
Бөлісу:
