Әлем
1 мин оқу 50

Көрер жарығы бар екен: Венесуэлада ер адам 8 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды

<p>Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды тірі алып шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көрер жарығы бар екен: Венесуэлада ер адам 8 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды

Эрнан Альберто Гиль Флорес есімді күзетші сауда орталығы қирандыларының астынан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар аман қалғандарды анықтау үшін әр бес минут сайын «үнсіздік минутын» жариялап, дыбысқа құлақ түреді.

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты

Соңғы мәлімет бойынша, шамамен 50 мың адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қаза тапқандар саны 2 295 адамға жетсе, тағы 11 267 адам жарақат алған.

Бөлісу:
Көрер жарығы бар екен: Венесуэлада ер адам 8 күннен кейін үйінді астынан тірі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар