Құтқарушы
1 мин оқу 31

Алматы облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

<p>Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақсай өзенінің су ағысын карьерден негізгі арнасына бұру жұмыстары жалғасуда. Учаскеде инженерлік техника жұмылдырылып, қажетті инженерлік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматы облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Қарасай ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Барлығы 11 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қауіпті учаске тұрақты бақылауда, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдай: Ақсай өзені жағалауын су шайып кетті

Еңбекшіқазақ ауданында жағалауды бекіту, жолдың бүлінген бөлігін тазарту және көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін ТЖМ қызметкерлері 42 адамды, оның ішінде 5 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялаған болатын. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ: Алматыда гидрологиялық жағдай тұрақты

Аталған жұмыстарға ТЖМ бөлімшелері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, «Қазселденқорғау» мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Аймақтағы жағдайды ТЖМ тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу:
Алматы облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді · Egemen Qazaqstan