Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p><strong>«Қазгидромет» 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Республика бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда желдің екпіні 23 м/с-қа дейін, Қонаевта кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік және батыс өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атырау мен Өскеменде күндіз ауа температурасы +32...+34°C, Түркістанда +31...+33°C, Шымкентте +30...+32°C болады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
