Спорт
1 мин оқу 60
Уимблдон-2026: Бублик пен Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды
<p>Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

1/32 финалдық кездесуде Рыбакина америкалық Кэти Макнеллиді (WTA рейтингінде 50-орын) екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.
Ерлер арасындағы сында Александр Бублик франциялық Кирьян Жакені 6:3, 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Сөйтіп турнирдің үшінші айналымына өтті. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өнер көрсетті.
Уимблдон-2026 турнирі 29 маусымда басталған, 12 шілдеде аяқталады.
Бөлісу:
