Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққан
<p><strong>Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында бір топ жасөспірімнің ер адамды соққыға жығып жатқан бейнежазбасы тарады. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккен азамат оқиға кезінде мас күйде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталған. Зардап шеккен азамат ешкімге шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазудан бас тартқан.
Павлодарда жасөспірімдер зират күзетшісін 10 жерден пышақтап кетті
Жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылып, іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Айта кетейік, Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққан еді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
