Елордада автобус жүргізушісі едені тесік көлікпен жолаушыларды тасымалдаған
<p><strong>Астанада жолаушылар автобустың еденіндегі тесікті байқап, оны видеоға түсірген. Елорда тұрғыны бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Тексеру нәтижесінде құқық қорғау органдары техникалық ақауы бар қоғамдық көлікті желіге қосқаны үшін автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғады.
Сондай-ақ автобус жүргізушісі де техникалық ақауы бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл оқиғадан кейін автобус бағыттан алынып, жөндеуге жіберілді.
Айта кетейік, бұған дейін елордада Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылы бойында автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары дереу жеткен