Жеке сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
<p>Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атап айтқанда, жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде түскен ақшалай қаражатқа билік ету тәртібін бұзып, өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңгені аудармаған, сондай-ақ 9,8 млн теңгені негізсіз үшінші тұлғаның шотына аударған.
Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы («Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазақстанда жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді
Тергеп-тексеру барысы прокуратураның бақылауында. Тергеу нәтижелері бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңда көзделген шаралар қабылданатын болады.
