Әлем
1 мин оқу 20

Пәкістанда шабуылдан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

<p><strong>Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында орналасқан жағалау күзетінің бақылау-өткізу бекетінде жарылыстан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, тағы 16 адам жараланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></strong></p>

Пәкістанда шабуылдан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Мәліметке сәйкес, шабуыл жұма күні жергілікті уақытпен сағат 18:40-та болған. Жарылғыш зат тиелген жүк көлігі Гвадар округінің Дживани қаласындағы бақылау-өткізу бекетіне соғылған. Қуатты жарылыс салдарынан бекет ғимараты қирап, Пәкістан жағалау күзетінің үш қызметкері мен бір әскери қызметкер оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ 16 қауіпсіздік қызметкері жақаттанды. Оның 8-і әскери, қалғаны жағалау күзетінің қызметкері. Олардың бірнешеуінің жағдайы ауыр деп бағаланды.

Айта кетейік, Пәкістан тауларында автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты.

Бөлісу:
Пәкістанда шабуылдан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты · Egemen Qazaqstan