Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады
<p>6 шілде, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік пен батыста күн ыстық әрі құрғақ болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ күтіледі. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Жел 5-10 м/с. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 0-5 м/с, күндіз 7-12 м/с. Температура түнде +22...+24°C, күндіз +35...+37°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 3-8 м/с. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +24...+26°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Түнде тұман түседі, жауын-шашын болмайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел түнде 4-9 м/с, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Негізінен жауын-шашынсыз, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C.
Қызылордада күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Жел 9-14 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Температура түнде +12...+14°C, күндіз +32...+34°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Температура түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +36...+38°C.
Оралда құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз, бірақ күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Температура түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
