Спорт
1 мин оқу 50

Норвегия Бразилияны жеңіп, әлем чемпионатында алғаш рет ширек финалға өтті

<p>Норвегия құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Норвегия Бразилияны жеңіп, әлем чемпионатында алғаш рет ширек финалға өтті

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өткен кездесуде норвегиялықтардың қос голын Эрлинг Холанд соқты.

Бразилия сапында Неймар пенальтиден бір голмен көзге түсті. Сондай-ақ бірінші таймда Бруно Гимарайнш 11 метрлік айып добын мүлт жіберді.

Осылайша Норвегия құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бұған дейін норвегиялықтар екі рет 1/8 финал кезеңіне дейін ғана жеткен еді.

Ширек финалда Норвегия Мексика – Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ол ойын 12 шілде күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.

Бөлісу:
Норвегия Бразилияны жеңіп, әлем чемпионатында алғаш рет ширек финалға өтті · Egemen Qazaqstan