АҚШ-та аптап ыстықтан кемінде 25 адам көз жұмды
<p>АҚШ-тың шығыс бөлігін қамтыған ауқымды ыстық ауа массасы салдарынан елдің 20-дан астам штатында ауа температурасы +38°C-тан асты. The Guardian басылымының мәліметінше, экстремалды аптап салдарынан кемінде 25 адам қаза тапқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ең күрделі жағдай Нью-Джерси штатында тіркелді. Мұнда 22 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қаза тапқандардың денелері кондиционері жоқ үйлерден, автокөліктерден және көшелерден табылған.
Сондай-ақ Иллинойс пен Миссисипи штаттарының билігі де аптап ыстыққа байланысты адам өлімі тіркелгенін хабарлады.
Қатты ыстық көпшілік іс-шараларға қатысушылардың денсаулығына да кері әсерін тигізді. Вашингтонда АҚШ-тың Тәуелсіздік күні 4 шілде мерекесі кезінде 50-ден астам адамға медициналық көмек көрсетілген.
АҚШ Тәуелсіздік күніндегі отшашу: Бруклин көпірінде үш жерден өрт шықты
АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі тұрғындарды күннің астында ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және жақындарының денсаулық жағдайын бақылауда ұстауға шақырып отыр.
