Үш күн ішінде полицияға 2400-ден астам жасөспірім жеткізілген
<p><strong>1-3 шілде аралығында бірқатар өңірде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оған 3 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> </strong></p>
Рейдтер Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өтті.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция органдарына 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 1500-ден астам жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 1000-ға жуығы қараусыз және панасыз жүргені үшін жеткізілген.
Жалпы 4000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Павлодарда жасөспірімдер зират күзетшісін 10 жерден пышақтап кетті
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 257 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, балаларының түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруіне жол бергені үшін 1500-ге жуық ата-анаға қатысты шара қолданылды.
ІІМ атап өткендей, аталған іс-шаралар өткен кезеңде бұл өңірлерде кәмелетке толмағандардың қатысуымен бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Бұған дейін Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққаны туралы хабарлаған едік.
