Әлем
1 мин оқу 50

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына түсуге мәжбүр екенін мәлімдеді

<p><strong>Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров алдағы республика басшысын сайлауға &laquo;Единая Россия&raquo; партиясынан кандидат ретінде ұсынылғаннан кейін, бұл сайлауға амалсыз қатысып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол халықтың өзіне қолдау білдіретініне сенім білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына түсуге мәжбүр екенін мәлімдеді

РИА «Новости» агенттігінің таратқан мәліметіне сүйенсек, Қадыров өз сөзінде халықтың қолдауынан үмітті екенін жеткізген.

«Шынымды айтсам, сайлауға түсіп жатқаныма қуанышты емеспін. Егер менен сұраса, мен басқа үміткерді таңдар едім. Себебі бұл – өте зор жауапкершілік, оның қаншалықты күрделі міндет екенін жақсы білемін. Республикаға көп еңбек сіңірілді. Бүгінде бізде мықты команда қалыптасты, ол үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан қазір сайлауға белгілі бір дәрежеде амалсыз түсіп отырмын. Халық қолдау көрсететініне сенімдімін. Егер халық қолдаса, мен оған қызмет етуге дайынмын», деді Рамзан Қадыров.

Ол сондай-ақ өз командасының халық үшін бұған дейін атқарылған және қолдарынан келетін нәтижелі істерді әрі қарай да жалғастыра беретінін атап өтті.

Рамзан Қадыров Дәурен Абаевқа алғыс айтты

Қазір Рамзан Қадыров 49 жаста. Ол – Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат Қадыровтың ұлы. Өңірді 2007 жылғы 5 сәуірден бері басқарып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рамзан Қадыров 20 жастағы үлкен ұлы Ахматты вице-премьер етіп тағайындағанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына түсуге мәжбүр екенін мәлімдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар