Әлем • Кеше

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы үлкен ұлы Ахматты вице-премьер етіп тағайындады. Тағайындау туралы Шешенстан басшысы Telegram арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.  

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды

Фото: t.me/RKadyrov_95

Ахмат бұған дейін елдің дене шынықтыру және спорт министрлігін басқарған. Енді бұл міндетін жаңа лауазымымен қоса атқарады. 

Сондай-ақ Шешенстан премьер-министрінің орынбасары міндетін атқарушы болып аймақтық ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев тағайындалды.

Рамзан Қадыров жаңа қызметке тағайындалған екі азаматтың да басқару ісінде тәжірибесі толысқанын атап өтті. 

«Олар қызмет барысында республиканың әлеуметтік-экономикалық салаларын дамытуға зор үлес қосты. Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаев өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқаратынына сенімдімін», деп жазды Шешенстан басшысы Telegram арнасында.

Айта кетейік, Рамзан Қадыровтың туыстары мен балалары Шешенстандағы маңызды қызметтерге тұрақты түрде тағайындалып, жоғары аймақтық марапаттарға ие болып жүр. 

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Десе де оның Айшат есімді үлкен қызы республика премьер-министрінің орынбасары қызметінен кету туралы шешім қабылдаған болатын. Айшат бұл шешіміне түсініктеме беріп, қызметтің «мықты тұлғаға» арналғанын айтқан.

 

Соңғы жаңалықтар