Оқиға • Бүгін, 11:19

Щучинсктегі жарылыс: Дәмхана иесінің қамау мерзімі ұзартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласындағы 12 адамның өмірін қиған жарылысқа қатысты іс бойынша «Plov Loft» орталығының иесін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылыс: Дәмхана иесінің қамау мерзімі ұзартылды

Тергеу мәліметінше, дәмхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты ретінде күдікке ілінген. Ол наурыз айының басында екі айға қамауға алынған еді. Енді оның қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылған. 

Сондай-ақ сәуір айының соңында бұл іс аясында автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізушінің ұсталғаны хабарланған. Олар баллондарды толтыру және жеткізу қызметтерін көрсету кезінде заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінген. Тергеу олардың әрекетін Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі («Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету, абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтіру және адам өліміне әкеп соғу») бойынша саралаған. Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот санкциясымен күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісі үйқамаққа жіберілді.

Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Еске салайық, дәмханада газ жарылысынан кейін шыққан өрт салдарынан 9 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар