Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:30

Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды: Кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинсктегі дәмханада болған жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға кінәлілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды: Кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

видеодан алынған кадр

Ақмола облысының ТЖД хабарлауынша, қазіргі таңда ҚР ҚК-ның 292-бабының 3-бөлімі бойынша (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, нәтижесінде екі немесе одан көп адамның қазасына әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Зардап шеккендердің саны 28 адамға жетті. Олардың көпшілігі түрлі дәрежедегі күйіктер алған. Қазір олар дәрігерлер бақылауында.

«Жарылыс нәтижесінде өртеніп жатқан ғимараттан 10 адам құтқарылды. Жалпы 28 адам зардап шекті, оның 13-і ауруханаға жатқызылды, 8 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 7 адам қайтыс болды», делінген хабарламада.

Жарылыс 26 ақпан кешкісін болған. Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын шығарды. 

Соңғы жаңалықтар