Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан қор биржасының мәліметіне сәйкес, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,09 теңге болды.
Қазіргі уақытта Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 467 теңгеден сатып алынады, 473 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу – 544 теңге, сату – 554 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,3 теңге, сату – 6,6 теңге.
Алматыда:
- доллар: сатып алу – 466 теңге, сату – 473 теңге;
- еуро: сатып алу – 543 теңге, сату – 553 теңге;
- рубль 5,8 – 6,8 теңге аралығында саудаланады.
Ұлттық банк доллар бағамын – 482,49 теңге, еуроны – 556,75 теңге, рубльді – 5,8 теңге деңгейінде белгілеген еді.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялаған болатын.