Спорт
3 мин оқу 30

Жарыс күнделігі

<p style="text-align: left;">&laquo;World Boxing&raquo;&nbsp;ұйымының жаңар&shy;тыл&shy;ған рейтингінде өз салмақ дәре&shy;же&shy;сінде Қазақстанның бес боксшысы көш бас&shy;тап тұр.</p>

Жарыс күнделігі
  • Олар – Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (+ 90 кг) және Наталья Богданова (70 кг). Назым Кызайбай (48 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) екінші орынды иеленсе, Виктория Графеева (60 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Надежда Рябец (80 кг), Дина Исламбекова (+80 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) үшінші сатыға жайғасты.
  • Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турниріне еліміздің төрт теннисшісі қатысқан еді. Юлия Путинцева мен Александр Шевченко бірінші айналымда сүрінді. Елена Рыбакина франциялық Лоис Буассон (6:4, 1:6, 6:3) мен америкалық Кетти Макнеллиді (6:1, 6:2) есебімен ойсырата ұтқанымен, үшінші кезеңде бельгиялық Элисе Мертенске (6:7, 1:6) есе жіберді. Оларға қарағанда Александр Бублик тәуір ойнады. Бастапқы бәсекелерде аустралиялық Танаси Коккинакис (6:4, 3:6, 7:6, 3:6, 6:4) пен франциялық Кириан Жакені (6:3, 6:4, 7:6) қапы қалдырған жерлесіміз үшінші айналымда АҚШ ойыншысы Фрэнсис Тиафоны (4:6, 7:6, 7:6, 4:6, 6:3) тізе бүктірді. 1/8 финалда оның тағы бір америкалық Тэйлор Фрицке (6:7, 4:6, 4:6) әлі жетпеді.
  • Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Патайядағы (Таиланд) жастардың Азия чемпионатын (U20) алты жүлдемен қорытындылады. Финалда ирандық Әлиреза Мохаммад Хоссейниге есе жіберген Еркебұлан Әнапия (82 кг) күміс алса, үшінші орын үшін тартыста жапониялық Юсукэ Хиротаны жеңген Алпамыс Болатұлы (60 кг) мен қытайлық Синью Люді қапы қалдырған Максим Украинцев (97 кг) қола медальды мойнына ілді. Оның алдында Бақдәулет Тұрсынбек (77 кг) пен Әлихан Тағаев (87 кг) екінші орын алса, Әмірмұхаммед Қабылов (55 кг) үшінші орынға табан тіреді. Қыздар бес жүлдені қоржынға салды. Жаңыл Бекен (65 кг), Ұлдана Тілеухан (68 кг) күміспен күптелсе, Динара Дауылқызы (53 кг), Анна Стратан (57 кг), Айжан Мұратбай (59 кг) қолаға қол созды. Еркін күрестен өткен жарыста Бекасыл Асамбек (61 кг) пен Нұрдәулет Сейілбековке (74 кг) тең келер ешкім табылмады. Сұңқар Сейдахмет (70 кг), Самир Дурсунов (97 кг), Бейбарыс Ерғали (92 кг) финалда сүрінді. Ал Айбек Қалиахмет (79 кг) пен Асхаб Хаджиев (86 кг) үздік үштікті түйіндеді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы бұл жарыста 18 жүлде (2 алтын + 8 күміс + 10 қола) олжалады. 
  • Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында «Ордабасы» өз алаңында «Ұлытауды» 1:0 есебімен ұтып, көш басына шықты. Олар 16 ойыннан кейін 40 ұпай жинады. Екінші орында келе жатқан «Қайрат» «Оқжетпестің» тас-талқанын шығарды – 5:0. Шымкенттіктерден бір ұпайы кем алматылықтар олардан екі матч артық өткізді. Ал қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Астана» – «Жеңіс» 1:0, «Алтай» – «Тобыл» 1:0, «Қызылжар» – «Елімай» 0:1, «Ақтөбе» – «Жетісу» 2:1, «Атырау» – «Каспий» 1:2 , «Қайсар» – «Ертіс» 0:0.
  • Джакартада (Индонезия) бокстан жас­тар арасындағы Азия біріншілігі басталды. U19 санатындағы жарыста ұлдар арасында Әділ Асқанбай (50 кг), Едіге Нұрғожа (55 кг), Досжан Жұмақан (60 кг), Ақжүрек Қалабай (65 кг), Бибарыс Әшірбай (70 кг), Хамза Мақсатұлы (75 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Руслан Ахметов (85 кг), Жалғас Утебеков (90 кг), Владислав Саможонов (+90 кг) сайысқа түсіп жатыр. Қыздар бәсекесінде Мадира Жұмақан (48 кг), Жадыра Қалтай (51 кг), Марал Төлепберген (54 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Жасмин Абрамян (60 кг), Айсұлу Мұхит (65 кг), Камила Оспанова (70 кг), Алтынгүл Аймұхан (75 кг), Айдана Убайдуллақызы (80 кг), Зарина Толыбай (+80 кг) бақ сынап жатыр.
Бөлісу: